Ссылки доступа

Ашхабад тәжік жүк көліктерінің транзитіне тағы тыйым салды


Тәжікстанға қарай жол тартқан ондаған жүк көлігі Түркіменстан шекарасында тағы тұрып қалды. Жүргізушілер түркімен билігі өз аумағы арқылы транзитке тыйым салды дейді.

Тәжікстанның көлік министрінің орынбасары Шерали Ганджалзода тәжік тарапы түркімен әріптестеріне жағдайды түсіндіріп беруін сұрап, сауал жолдағанын айтқан. Бірақ әлі күнге дейін жауап алмаған.

Оның сөзінше, бүгінгі таңда түркімен шекарасында 20 жүк көлігі өте алмай тұр. Көлік министрлігі оларға екі балама бағытты ұсынып отыр. Бірі - ауған шекарасы, екіншісі - Әзербайжан порты арқылы. Бірақ жүргізушілер екі жолдың да тиімсіз екенін, әрі шығын көп кететінін айтып, бас тартқан.

Былтыр тамыз айында да Түркіменстан тәжік көліктерін шекарасы арқылы өткізуге тыйым салған. Ол кезде ел қауіпсіздігін алға тартқан. Тек бір ай өткеннен кейін ғана, көліктердің транзитіне рұқсат берген.

XS
SM
MD
LG