Ссылки доступа

Лавров: "Тәжікстан мигранттары үшін жеңілдікті барынша қолданып жатыр"


Сергей Лавров
Сергей Лавров

"Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) кірмейтін елдердің ішінде Тәжікстан Ресейдегі азаматтары үшін барлық жеңілдікті қолданып жатыр", - деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 5 ақпанда Ресей-Тәжік Славян университетінде өткен баспасөз мәслихаты кезінде.

Оның сөзінше, Ресейге келген тәжік азаматтары 15 күнге дейін тіркеусіз жүре алады. "Патент 3 жылға беріледі. Бұл да аз емес, әрине патентті арзандатуды қалайды, бірақ бұл келіссөзді қажет етеді", - деді ресейлік шенеунік.

Ресейде жұмыс істегісі келетін шетелдік азаматтар үшін патент енгізгеннен кейін, әр аймақта төлемнің өз тарифі болады. Мәселен, Мәскеуде жұмыс істейтіндер патент үшін ай сайын 5 мың рубль төлесе, Мәскеу облысында 4750 рубль, Санкт-Петербургте 3800 рубль төлейді. Ресейде ең қымбат патент Саха-Якутия республикасында, құны – 9330 рубль.

Лавровқа баспасөз мәслихаты кезінде миграциялық рақымшылыққа қатысты сұрақтар қойылды. Оған Лавров "Рақымшылықті бірнеше рет жасадық. Олар Ресейге жұмыс істеуге аттанар кезде, заңды жолмен баруы керек", - деп атап өтті Лавров.

Ресей СІМ еңбек мигранттары құқығының қорғалуына кепілдік болатын келісімге қол қою маңызды екенін айтты. "Бізге еңбек мигранттарының зейнетақысы туралы келісімге қол қою керек. Бұл бүгінде келіссөз үстелінде жатқан құжаттардың бірі. Мигранттар Ресей заңын бұзған күнде, азаматтарын кері қабылдайтын міндет алатын құжатқа қол қойылу керек. Біз ЕО-мен осындай келісім жасасқанбыз, қорқатын ешнәрсе жоқ", - деді ол.

Оның сөзінше, бұл құжаттардың бәрі мигранттарға қорықпай, заңды жұмыс істеуі үшін маңызды.

XS
SM
MD
LG