Ссылки доступа

Астанада өрттен мерт болған сәбилер жерленді


В Астане похоронили пятерых девочек, заживо сгоревших при пожаре в доме-времянке
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:29 0:00

Астанада 5 ақпанда Сарыарқа ауданы, Көктал-1 ауданында өрттен қаза болған бір үйдің бес баласын жер қойнына тапсырды.

Балаларды соңғы сапарға шығарып салуға жүздеген адам келген, көптің көкейіндегі сұрақ: билік көп балалы отбасыны неге әлеуметтік үймен қамтамасыз етпеген?

Сарайда өрт түнгі сағат үштер шамасында, балалар шырт ұйқыда жатқанда болған. Әкесі көлік құрастырушы болып жұмыс істеген, сол күні түнде станцияға техникалық қызмет көрсету үшін шақыртып алған. Анасының пластикалық бұйымдар шығаратын зауытқа ауысыммен жұмысқа шыққанына үш күн ғана болыпты. Көп балалы отбасы ақшадан тарыққан: билік оларды әлеуметтік үйдің кезегіне қоймаған, олар 30 м2 сарайда тұрып келген. Үй пешпен жылытылған, өрт шарпып, бір сәтте жанып кеткен.

Отбасы тұрған сарай
Отбасы тұрған сарай

Өрттен соң Астана әкімі Бақыт Сұлтанов шұғыл кеңес өткізіп, аудан әкімдерінен полиция және төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп дереу қаладағы жеке тұрғын үйлерді аралап шығуды және әр үйдің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеруді талап еткен. Әкім "Бұл сіздердің қателіктеріңіз" деп төтенше жағдайлар қызметін сөккен.

Қыздары қайтыс болған үйдің көршілері ата-анасы бірнеше рет жергілікті биліктен үй сұрағанын айтады. Бірақ қалалық әкімшілік қайғы жұтқан отбасы көмек сұрап келмеген дейді. Астана әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльмира Жүргенбаева отбасының әлеуметтік үй алушылар кезегінде тұрмағанын айтты. Оның сөзінше, мемлекет тарапынан көп балалы анаға берілетін 30 доллар көлемінде жәрдемақы алып келген.

"Әкім бұл отбасы жайында білмеді, әлеуметтік қызметкерлер де білмеген болу керек. Білсе, балалар оқыған мектеп ғана білген болу керек", – деді Жүргенбаева.

Былтыр Астанада 699 өрт тіркеліп, ондаған адам қаза тапқан. Өрттің дені көмірмен пеш жағатын жеке сектордағы үйлерде орын алған.

4 ақпанға қараған түні Астананың Көктал-1 шағын ауданында Шыңғыстау көшесіндегі жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасындағы 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыз бала опат болған.

XS
SM
MD
LG