Ссылки доступа

Freedom House Орталық Азия жөнінде: Қырғызстаннан басқасы "еркін емес"


Штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы 5 ақпанда «Әлемдегі Азаттық – 2019» баяндамасын жариялады.

«Әлемдегі Азаттық – 2019. Демократия шегініс жасап жатыр» деп аталатын Freedom House баяндамасында былтырғы оқиғаларға көңілсіз баға беріліп, әлемнің 68 елінде азаматтардың саяси құқықтары мен еркіндігінің нашарлағанын көрсеткен. Құқық қорғаушылар 50 елдің жағдайы жақсарғанын атап өткен.

Freedom House баяндамасында Ресей, Иран, Әзербайжан және Орталық Азия елдерін сынға алған. Құқық қорғаушылар соңғы 13 жылда қатарынан бұл елдерде сөз еркіндігі құлдырап барады деген.

Қазақстан биыл да «еркін емес» елдердің қатарына енгізілген. Орталық Азиядағы үш мемлекет – Түркіменстан, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтарының саяси құқықтары өте нашарлап кеткен мемлекеттер қатарында. Аталған мемлекеттер Сирия, Оңтүстік Судан, Эритрея, Солтүстік Корея, Судан, Орталықафрикалық Республика және Ливия секілді елдермен бірге тұр.

​Бірақ соған қарамастан Freedom House Өзбекстанның кейбір жетістіктерін атап өткен. Шавкат Мирзияев билікке келгеннен кейін, еліндегі саяси тұтқындарды босатып, үкіметтік емес ұйымдарға шектеу алына бастады деп атап өтілген.

Орталық Азиядағы "жартылай еркін" елдер қатарында жалғыз мемлекет - Қырғызстан деп көрсетілген.

XS
SM
MD
LG