Ссылки доступа

Өзбекстанда сот алғаш рет хиджаб туралы іс қарайды (видео)


Ташкент қаласының Шайхонтохур әкімшілік соты 5 ақпанда хиджабқа қатысты істі қарады. Халықаралық ислам академиясында оқитын 17 жастағы студенттің әкесі мұсылман орамалын тағуға тыйым салған білім мекемесін сотқа берген.

Студент қыздың әкесі Абдувохид Якубовтың айтуынша, әкімшілік сот шағымды қарау мерзімін 7 ақпанға қалдырған. Өйткені арызданушы сот төрағасы Санжарбек Зулуновқа сенімсіздік танытқан, сол себепті бұл істі қарауға басқа судья тағайындалған.

"Менің қызым кәмелет жасқа толған жоқ, оның құқығын сотта өзім қорғаймын. Соттан Халықаралық ислам академиясының лицейде оқитындарға орамал тағуға салған тыйымын алып тастауын сұрадым, өйткені ол ел Конституциясына қайшы келеді", - деді адвокат Абдувохид Якубов.

Жаңа оқу жылы басталған уақыттан бері академияда кем дегенде төрт студент оқудан шығарылған.

5 ақпанда 19 жастағы Луиза Муминжонова оқуды тастаған. "Маған оқу немесе орамал таңдауды ұсынды. Мен орамал таңдадым", - деді Луиза.

Академияда хиджаб қана емес, джинсы шалбар, қысқа юбка киюге де тыйым салынған.

Өзбекстанда халықаралық ислам академиясы 2018 жылы сәуірде президент Шавкат Мирзияев жарлығымен құрылған.

XS
SM
MD
LG