Ссылки доступа

ҰҚМК: "Манас" әуежайындағы бомба туралы хабар шетелден түскен


Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті "Манас" әуежайына "қойылған" бомба туралы мәлімет таратты.

Арнайы қызмет мәліметі бойынша, 5 ақпанда сағат 14.41-де Қырғызстан әуе компаниясының электронды поштасына жарылғыш туралы хабарлама түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, хабарлама шетелден жолданған.

Ош қаласындағы әуежайға бомба "қойылғаны" туралы хабарлама да тексерілді. Жарылғыш туралы ақпарат расталмады.

Терроризм акті туралы жалған ақпарат таратқандарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG