Ссылки доступа

Тәжікстанда салықтың өсуіне байланысты пәтер қымбаттауы мүмкін


Тәжікстанда осы жылдан бастап қосымша құн салығы 5 пайыздан 18 пайызға дейін көтеріледі.

Қаржы министрлігінің салық саясаты басқармасының 5 ақпанда хабарлауынша, құрылыс компаниялары соңғы бес жылда салық жеңілдіктерін пайдаланып келген.

"Жеңілдік 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылды. Енді құрылыс компаниялары мен фирмалар 18 пайыздық қосылған құн салығын төлейді", - деді дереккөз.

Соған байланысты елде жылжымайтын мүлік бағасы көтеріледі. Өткен жылы Душанбеде пәтердің бір шаршы метрінің құны 350-ден 600 долларға дейінгі аралықта болса, қазір 626 доллар тұрады.

XS
SM
MD
LG