Ссылки доступа

Дональд Трамп елдегі жағдай туралы Конгресте баяндама жасады


Дональд Трамп
Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда Конгрестің бірлескен отырысында елдегі жағдай туралы дәстүрлі жолдауын жариялады.

Президент баяндамасының алғашқы бөлігі экономикалық жетістіктерге арналды. Ол екі жылда экономикалық өсім екі есеге өсіп, жұмыссыздық деңгейі төмендегенін, жаңа жұмыс орындары ашылғанын мақтанышпен айтты.

Баяндаманың көп бөлігі заңсыз миграциямен күреске арналды. Трамп Өкілдер палатасындағы демократтарды Мексикамен шекарада қабырға тұрғызуға шақырды.

Дональд Трамп Солтүстік Корея жетекшісімен келіссөздердің арқасында соғысты болдырмағанын , Ким Чен Ынмен кезекті кездесуі 27-28 ақпанда Вьетнамда өтетінін мәлімдеді.

Президенттің Конгрестегі баяндамасы 29 қаңтарға жоспарланған. Бірақ ол "шатдаунға" байланысты кейінге қалдырылған.

АҚШ президенті Конгрестегі жолдауын жыл сайын жасауы тиіс. Алғашқы жолдауды Құрама Штаттардың алғашқы президенті Джордж Вашингтон 1790 жылы жасаған.

XS
SM
MD
LG