Ссылки доступа

Өзбекстан ресми Кабул мен тәліптерді бейбіт келіссөздерге шақырды


Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Ауғанстан үкіметі мен "Талибан" қозғалысының өкілдерін Ташкентте тікелей келіссөздер өткізуге шақырды.

Камилов бұл ұсынысын Ташкентте БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Тадамичи Ямамотомен кездесуінде айтқан.

Өзбекстан Ауғанстан үкіметі мен "Талибан" қозғалысының өкілдері арасында тікелей бейбіт келіссөздерді ұйымдастыруға дайын.

СІМ хабарламасы бойынша, БҰҰ өкілі Ауғанстандағы жағдайды бейбіт реттуге қатысты Өзбекстан саясатына қолдау білдірген.

XS
SM
MD
LG