Ссылки доступа

Мирзияев Өзбекстанда азаптауды тоқтатуды талап етті (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- AzatNews 06.02.2019. (Қазақстан жаңалықтары)

- Мирзияев Өзбекстанда азаптауды тоқтатуды талап етті.

(видео / Өзбекстан)

- "10 мың теңге жәрдемақыны қайда жеткіземін?" Астанада көпбалалы аналар жиналып, президент атына хат жазып, билікке он талап қойды. (видео)

- Мыстандар Ресей мен президентін қолдап, "шеңбер күші" шарасын өткізді(видео Директ)

- Алматылық белсенділер қаза тапқан балаларды аза тұтты. (видео)

- Трамп инаугурациясының қаржысы және Париждегі өрт. Франция астанасында да көпқабатты үй өртеніп, бірнеше адам қаза тауыпты. Ал Нью-Йорк прокуратурасы Трамп инаугурациясына жұмсалған қаржының қайда кеткенін анықтап жатыр.​ (видео)

- Өрттен қаза болған балалар жерленді. Астанадағы өрттен қаза тапқан бес баланың денесі жер қойнына тапсырылды. Қара жамылған отбасының көршілері мен туыстары "балалардың ата-анасы амалсыздан жұмыс істегенін" айтады. Ал вице-министр "бұл – олардың таңдауы" дейді. (видео)

- Жаңа айдар: Азия 360: қысы күнсіз, жазы айсыз өтетін ауыл.Қырғызстанның Баткен ауданында ерекше ауыл бар. Ол Памир және Алай тау жоталарының арасында орналасқан. Оған көршілес Кыштут ауылында әйелдер ғана тұрады, мұнда негізінен ұл балалар дүниеге келеді. (видео Настоящее время)

- Азия: Қырғызстанда күн сайын 15 адам рак ауруына ұшырайды. Денис Тен ісі бойынша сотталушылар үкімге шағым түсірді. Астанада бес бала ағаш үйде тірідей өртенді. (видео)

- Финляндиядағы білім беру жүйесі әлемдегі ең үздік деп танылған. (видео Настоящее время)​

- Украинада президент сайлауына бес үміткер қандай уәде берді? (видео Настоящее время)​

- 1920 жылдардағы Ауғанстан. (фотокөрме)

- Дихандар мен теміржол мекемесі арасындағы жерге талас. (видео)

- "2018 жылы өрттен 34 бала мерт болған". Қазақстан төтенше жағдайлар комитетінің дерегінше, 2018 жылы Қазақстанда 14 мыңнан аса өрт болып, барлығы 846 адам жапа шеккен. 436 адам қаза тапқан. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп. Өрттен 2017 жылы 44 бала, 2018 жылы 34 бала мерт болған.(видео)

- "Балаларынан айырылған ананы қалай жұбатам..." 4 ақпанға қараған түні Астананың Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесіндегі үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасының бес баласы қаза тапқан. (видео)

- 10 мың көмек. Бішкектегі еріктілер үйсіздерге көмектесіп жүр. (видео Директ)

- Қырғызстан харассментпен күресу үшін заң дайындап жатыр. (видео Директ)

- Будда монахы Алексейдің бес қағидасы. Бішкек маңындағы таулы ауылда Қырғызстандағы жалғыз будда шіркеуі бар. Онда монах Алексей Шмыгля өмір сүреді. (видео Директ)

- Қазақстан не себепті мектепте хиджаб киюге қарсы күрседі? (Видео Директ)

- Қария мен теңіз. Фильмде Арал теңізінің шағын бөлігі - Кіші Аралдың тола бастағаны сөз болады. 1950 жылдары Арал теңізінде балық аулаған қария Өмірзақ Оспанов теңіздің тартылғанын да, балықшылардың кәсібін тастап, өзге өңірлерге көшкенін де көрген. (видео)

- Алып қашудан зардап шеккендер қатысқан шара. Қырғызстанда алып қашудан зардап шеккендер сән үлгісін көрсетті. Шараны модельер және құқық қорғаушы ұйымдастырған. Бұл - алып қашу дәстүріне қарсы кампанияның алғашқы шарасы.​ (видео / Қырғызстан)

- McDonald's алдындағы ұзын-сонар кезек. (фотокөрме)

- "Әкімдер ауысады - мәселе қалады". Павлодар облысындағы Пограничник ауылының тұрғындары таза ауыз суға жарымай отыр. Кешкі бір сағатқа ғана берілетін құдық суы келесі күнге жетпейді деп налиды. Амалы таусылған бұқара кейде қар суын ерітіп ішуге мәжбүр екен.​ (видео)

- Азия: Қырғызстан харассментпен күресіп жатыр. Қырғызстанда әйел депутаттар харассмент үшін жазалауды талап етіп жатыр. Мәскеудегі мигрант Өзбекстан елшілігі қайтыс болған бауырын отанына жеткізуден бас тартқанын айтады. Қазақстан тұрғыны мен қызы хиджаб киюге жария етілмеген тыйыммен қалай күресіп жатқанын айтады. (видео Настоящее время)

- Қырғызстан харассментке қарсы күресу үшін заң жобасын дайындап жатыр.(видео Директ)

- Буддистік монах Алексейдің бес ұстанымы. Бішкек маңындағы Таулы Маевка ауылында буддистік ғибадатхана бар. Онда монах Алексей Шмыгля тұрады. (видео Директ)

- Қазақстан хиджаб киюшілермен неге күресіп жатыр? (Видео Директ)

- Тегін дәріге қолы жетпеген тұрғындар. Петропавл қаласының тұрғындары үш айдан бері тегін берілуі тиіс дәрілерін ала алмай жүр. Айтуларынша, дәрі-дәрмекті бірнеше айдан бері өз ақшасына алуға мәжбүр. (видео)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG