Ссылки доступа

Ашхабадта мұғалімдер мен оқушылар аяқ астынан сенбілікке шықты


2 ақпанда Ашхабад мектептерінің мұлғаімдері мен оқушыларын аяқ астынан сенбілікке шығарған.

Азаттықтың түркімен қызметінің (Азатлык) хабарлауынша, елуге тарта мұғалім мен оқушы түркімен астанасының оңтүстік бөлігін тазалаған.

Бұл шара Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтің Копетдаг таулы мекенінде Ақалтеке ат кешеніне барардан бір күн бұрын өткен.

​Мектеп қызметкерлері мен оқушылар президент өтетін жердің бәрін тазалаған.

Түркіменстанда жаппай сенбілік жүйелі түрде болып тұрады. Сонымен бірге жылына екі рет халықтық деңгейдегі сенбілік өтеді. Оған президенттің өзі де "қатысады".

XS
SM
MD
LG