Ссылки доступа

"Қауіпсіз Бішкек" камералары 7 түрлі заң бұзушылықты белгілейді (видео)


Қырғызстанның ақпараттық технология және байланыс комитеті 12 ақпаннан бастап "Қауіпсіз Бішкек" жобасы жүзеге асатынын мәлімдеді. Камералар төмендегідей жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтайды:

  1. Бағдаршамның тыйым салынған белгісінде жолдан өту
  2. Қарама-қарсы жолға шығу
  3. Жолжағаға шығып кету, жаяулар жүретін жолмен жүру, велосипед жолымен жүру
  4. Бағдаршамның тыйым салынған белгісінде арнайы сызықты кесу
  5. Жаяулар жүретін жол ережесін сақтамау, жаяу жүргіншілерге арнайы жолақтан өтуге мүмкіндік бермеу
  6. Жылдамдықты арттыру
  7. Аялдама және тұрақ талаптарын сақтамау (кейбір жерлерде көлік қоюға тыйым салынатын белгілер тұрады).

Аталған ережелерді бұзушыларды камера бірден белгілейді.

12 ақпаннан бастап "Қауіпсіз қала" жобасының алғашқы кезеңі тестік режимде жұмыс істейді.

Жоба төрт кезеңнен тұрады. Үкімет мәліметіне қарағанда, жобаға 2,5 млрд сом бөлінген. Бұл қаражатты "Вега" компаниясы шығарған. Бірақ бес жыл бойы жол ережесін бұзушылар төлеген айыппұлдан 210 сомнан алып тұрады.

XS
SM
MD
LG