Әндіжан облысы Жалақұдық ауданындағы мұғалім бір күндік айлығын өз еркімен аудармаған ұстаздар айлық әлі алмағанын айтты.
Халық білімі министрлігі қайырымдылыққа мұғалімдерді күштеуге болмайтынын мәлімдеген.
"Үкімет қаулысында қайрымдылыққа өз еркімен ақша аудару керектігі жазылған. Мен бір күндік айлықты аударуға қарсы шықтым. Бірақ мектеп директорына аудан басшысы қысым жасап, бес миллион сумды (600 доллар) аудару керектігін талап еткен", - деді № 31 мектептің өзбек тілі мұғалімі Ділбар Кабулова.
Оның айтуынша, бірнеше мұғалім өз еркімен ақша аудару туралы өтінішке қол қоймаған, сол себепті мектеп мұғалімдері қаңтар айының айлығын әлі алмаған.
Дәл осыған ұқсас жағдай елдің басқа да аймақтарында болған.