Ссылки доступа

Қырғызстан: Атамбаевқа қарсы іс қозғалуы мүмкін


Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Дамир Сагынбаев экс-президент Алмазбек Атамбаевқа тиіспеу мәртебесі туралы түсіндірді.

Оның айуынша, экс-президент мәртебесіне қатысты заң жобасы парламентте қаралады, соның қорытындысы бойынша шешім қабылданады.

"Тергеу немесе сот барысында оның қандайда бір қылмысқа тікелей немесе жанама түрде қатысы бары дәлелденсе, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деді Сагынбаев. Ол Атамбаевқа қарсы ешкім куәлік етпегенін атап өтті.

"Қырғыз Республикасы президенті қызметінің кепілдері туралы" заң жобасы қырғыз парламентінің қарауында жатыр. Құжат экс-президентке қолсұқпау құқығын алып тастауды қарастырады.

Қырғызстан экс-президенті мәртебесі Роза Отунбаева мен Алмазбек Атамбаевта бар. Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиев төңкерістен соң мұндай мәртебелерінен айрылған.

XS
SM
MD
LG