Ссылки доступа

Тәжікстанда адам саудасының құрбандары көбейді


2017 жылы 86 тәжікстандық өзге елдерде адам саудасының құрбаны болған. Бұл туралы 6 ақпанда Душанбеде БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы хабарлады.

Сол жылы Тәжікстанның 60 азаматы араб елдерінде, сонымен бірге Түркияда, Ресейде және Қазақстанда сексуалдық құлдықта болған. БҰҰ басқармасының халықаралық менеджері Кун Маркверингтің айтуынша, 2017 жылы Тәжікстанда адам саудасына қатысты жағдай тым ушығып кеткен.

Сарапшылар бұны елдегі әлеуметтік және экономикалық жағдайдың нашарлауымен түсіндіріп отыр. Адам саудасының құрбаны болғандар шетелге жақсы тұрмысты аңсап барған.

2018 жылы он айда адам саудасына қатысы бар 49 адам ұсталған.

Өткен жылы жазда 2018 жылғы жаһандық құлдық индексі жарияланды (The Global Slavery Index). Онда Тәжікстан 75-орында қалды.

XS
SM
MD
LG