Ссылки доступа

БАҚ: Қырғызстан Ресейге ГЭС құрылысына қайта оралуды ұсынды


Қырғызстан Ресейге Жоғарғы Нарын ГЭС-інің бөгет құрылысына қайта оралуды ұсынды. Бұл туралы РИА Новости Ресейдің энергетика министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік мәліметі бойынша, "мәселені биліктер мен мүдделі компаниялар талқылап жатыр".

2012 жылы Қырғызстан мен Ресей үкіметтері Жоғарғы Нарын бөгеті құрылысы туралы келісімге отырған. Бірақ 2016 жылы тамызда Қырғызстан бір жақты шешіммен келісімді бұзды. Бішкек Ресейдегі экономикалық дағдарысқа байланысты нысанды жуық арада салып бітірмейді деп шешкен.

"РусГидро" құрылысқа салынған ақшаны қайтаруын талап етті. Компания жобаға 37 млн доллар құйғанын мәлімдеді. Бірақ Қырғызстан осынша қаражат салынғанын халықаралық аудит арқылы дәлелдеуін талап етті. 2018 жылы қазанда "РусГидро" Гаага сотына шағымданды. Қырғызстан сотқа өз қарсылығын 15 сәуірге дейін өткізуі тиіс.

XS
SM
MD
LG