Ссылки доступа

Бұхара билігі талантты оқушыға үй салып берді


Дониёр Исмоилов анасымен бірге. Фото Kun.uz.
Дониёр Исмоилов анасымен бірге. Фото Kun.uz.

Бұхара облысы Қаракөл ауданында жергілікті билік математикадан көптеген халықаралық олимпиаданың жүлдегері, 9-сынып оқушысы Дониёр Исмоиловтың отбасына үй салып берді. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлайды.

Былтыр жергілікті басылымдар Дониер Исмаиловтың анасы Лобар Рахимованың бауыр циррозымен ауыратынын, әкесі жалдамалы жұмысшы болып істейтінін жазған. Отбасындағы қаржылық қиындыққа байланысты, оқушы білімін жалғасыра алмаған.

Бұл жағдайдан хабардар болған Бұхара облысы басшысы Уктам Барноев баланы жеке қабылдаған. Сосын Facebook парақшасында шенеунік 2018 жылдың аяғына дейін дарынды балаға үй салып беретінін хабарлаған.

Сонымен бірге облыстық халықтық білім беру басқармасы Дониер Исмаиловқа ноутбук сыйлаған, ал Жастар одағының облыстық кеңесі оған жеке кітапхана ұйымдастырмақ.

XS
SM
MD
LG