5 ақпанда университет ғимаратының шатырынан мұз құлап, 23 жастағы 5-курс студенті, өзбекстандық Бабурбек Очилов қаза тапқан. Оның досы, тәжік азаматы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Марқұмның әкесі кінәлілерді кешіруге дайын екенін айтып, тергеу комитетінен ұлының денесін тілмеуін өтінген. Бабурбек Очиловтың курстастары оның әрі қарай провизорлықты оқуды армандағанын айтады. Қаза болатын күні бақылау жұмысын тапсыру үшін, кафедраға барған екен.
Тергеушілер шатырдың тазалығына оқу орнының шаруашылық жөніндегі проректоры жауапты болуы керек деп есептейді. Сонымен бірге оқу орны проректоры қызметкерлерден 50 мың рубль көлемінде пара алғаны айтылған.