Ссылки доступа

Футбол: FIFA рейтінгісінде Өзбекстан құрамасының серпілісі мен Түркіменстанның құлауы


Футболдан Өзбекстан құрама командасы FIFA рейтінгісінде алтыншы орынға көтеріліп, Түркіменстан бірден 9-орынға түскен. Қазақстан екі, Қырғызстан төрт позициясын жоғалтса, Тәжікстан сол орнында қалған.

7 ақпанда FIFA-ның ресми сайтында жарық көрген жаңа рейтінгі бойынша Орталық Азия елдері төмендегідей көрсеткіште тұр:

  • 89. Өзбекстан
  • 95. Қырғызстан
  • 117. Қазақстан
  • 120. Тәжікстан
  • 136. Түркіменстан

Азия футбол конфедерациясы ішінде ең жоғары – 22-тізімде Иран құрамасы тұр. Азия кубогының финалисті Жапония әлемдік рейтінгі бойынша 27-орында. Ал Азия кубогының иегері Қатар 38-орыннан 55-позицияға түсіп қалған.

XS
SM
MD
LG