Ссылки доступа

Франция президенті Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі конференциядан бас тартқан


Ангела Меркель мен Эммануэль Макрон
Ангела Меркель мен Эммануэль Макрон

Франция президенті Эммануэль Макрон Мюнхенде 15-17 ақпанда өтетін қауіпсіздік жөніндегі конференцияға бармайтын болды.

Бұл жөнінде немістің Suddeutsche Zeitung басылымы дереккөзіне сітлеме жасап хабарлады. 16 ақпанда Макронның Германия канцлері Ангела Меркелмен жоспарланған кездесуі болмайды.

Ресми ақпарат бойынша, Макрон жұмыс кестесінің тығыздығынан және Францияның ішкі мәселелеріне баса назар аудару қажеттігінен бұл шараға қатыса алмайды. Бірақ басылымдар «Солтүстік ағын-2» ресейлік газ құбырының құрылысына байланысты Париж бен Берлин арасында қайшылық болуы мүмкін деп болжайды.

Бейсенбі күні Франция СІМ Париждің «Солтүстік ағын-2» жобасына қатысты еуропалық құбыр газ бағытын өзгертуді қолдауға ниетті екенін растаған. Осылайша Франция Германияның газ құбырын Еуроодаққа ұсынған талаптарынан бас тартуына қарсы шықпақ. Егер құжат қабылданса, ЕО-ға құбыр желісі үшін қойылған біріңғай талаптар «Солтүстік ағын-2» жобасына да қатысты болмақ.

XS
SM
MD
LG