Жамшед Зиёев 2018 жылы 24 сәуірде ұсталып, тергеу абақтысына қамалған. Дереккөз мәліметіне қарағанда, Зияевке "өзгенің мүлкін меншіктеу және жараты", "алаяқтық" айыптары тағылған. Тергеуді Тәжікстанның Бас прокуратурасы жүргізіп жатыр.
"Тәжікпромбанктің" халыққа берешегі 59 млн сомониге дейін қысқарған. Бірақ банк жағдайы мәз емес. Өткен жылы аудиторлар жабылғалы тұрған банк 270 млн сомони шығын әкелгенін есептеп шығарған.
Еске салайық, белгілі адвокат Солиджон Жураев үкіметке хат жазып, банк басшылығын халықтың ақшасын әдейі бермей отыр деп айыптаған. Банк берешекті мүлікпен қайтарғысы келеді, бірақ Ұлттық Банк, Қаржы министрлігі және басқа да мекемелер өз ақшаларын қайтарып алғысы келеді.