Ссылки доступа

Қырғызстанда жекеменшік клиникаларға ағза мүшелерін трансплантациялауға рұқсат береді


Қырғызстанда жекеменшік клиникаларға ағза мүшелерін трансплантациялауға рұқсат беретін заң жобасы парламент қарауына түсті.

2016 жылы қоғам пікірін ескеркен президент заң жобасына вето қойып, парламентке қайтарған еді. Бірақ қоғам жекеменшік клиникаларда ағза мүшелерін трансплантациялауды мемлекет бақылауда ұстай алмайы, бұның соңы адам мүшелерінің "қара базарын" қалыптастырады деп қауіптенеді.

Парламенттің денсаулық, білім және ғылым, әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеті заңда жауапкершілік пен шарттары қаралатынын мәлімдеді. Ағза мүшелерін трансплантациялайтын жекеменшік клиникалардың жетілген медициналық құрылғылары болуы тиіс, онда біліктілігі жоғары мамандар жұмыс істеуі керек.

"Кісінің рұқсатынсыз ағза мүшесін алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді депутат Алмазбек Токторов.

XS
SM
MD
LG