Өткен жылы мамырда ол ұлттық, нәсілшілдік, этникалық және діни араздық туғызып, конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге үндеді деген айыптармен 25 жылға сотталған.
Сотталушының жазасын қысқарту туралы шешімді Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қабылдаған. "Сот алқасы сотталушының райынан қайтқанын, басқа да ауыр қылмыстарды ашуға көмектескенін ескерді", - деп хабарлады Жоғарғы сот.
Эшон Сайид Киёмиддин Гози (Гозиев) 1992 жылы коммунистік жүйеге қарсы шыққандардың бірі болды. Оны "халық генералы" деп атап кеткен. Тәжікстанда азаматтық соғыс жылдары (1992-1997) Гози Ауғанстанға өтіп, Бірлескен тәжік оппозициясына қосылған. Бейбітшілік туралы келісімнен соң ол 1997 жылы елге оралған. Гозиді бейбітшілікті қолдағаны үшін "Шараф" орденімен марапаттаған.
2017 жылы қарашада бұрынғы дін қызметкерін Ресей және Тәжікстан арнайы қызметтері Санкт-Петербургте ұрлап әкетіп, Худжандқа жеткізді. "Халық генералының" соты жабық өтті.