Ссылки доступа

Қырғызстанда қалыңдықты алып қашу жөніндегі сериалға наразылар көп (видео)


В Кыргызстане возмущены сериалом про похищение невест
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:13 0:00

Былтыр күзде Қырғызстанның ұлттық каналында "Акшоола" сериалы көрерменге жол тартқан. Сюжет желісі бойынша, бас кейіпкерді алып қашып кетеді. Кейін ол өзін ұрлаған жігітпен тұрады. Сериалды түсірушілер "алып қашу" – қырғыз халқының "ежелгі дәстүрі" деп біледі.

Әлеуметтік желі қолданушылар сериалды түсіргендерді айыптап, қылмысты насихаттап жатыр деп наразы болды. Көрермендердің көбі бұл фильм қалайша ұлттық арнадан көрсетіліп жатыр деп түсінбейді.

"Акшоола" – Қырғызстанда түсірілген алғашқы сериал. 25 серияны жеті ай түсірген. Ресми емес мәлімет бойынша, фильмді түсіруге 250 мың доллар жұмсалған.

Сериалдың рейтінгісі өте жоғары болып тұр: қырғыз журналисінің тағдыры миллиондаған адамды қызықтырған. Бірақ наразы көрермендер де баршылық. Бас кейіпкерді ұрлап, мәжбүрлеп тұрмысқа береді. Қыз көп жылайды, күйеуі оны бірнеше рет ұрады. Бірақ құрбысымен сөйлескеннен кейін, ол бұл өміріне көнеді. "Бәрі жақсы болады, Айпері. Тек ғана Аманды кінәлама. Мүмкін, сен өзің де кінәлі шығарсың, – деп көндіреді қалыңдықты құрбысы. – Сен оның жақсы жақтарын да ойла. Ол әдемі, ақылды. Ең бастысы – сені сүйеді".

Телерадиокорпорацияның барлық контенті көркемдік кеңестен өтеді. Оның төрағасы Алмаз Касымалиев сериалдың көп қысқартылғанын айтады: суицид, зорлау кадрлері алынып тасталған.

"Алып қашу жабайы түрде көрсетілмеген, олар бұрыннан таныс, бірін-бірі ұнатып та үлгерген. Кейде қыздың ата-анасы келіспеген жағдайда, жігіт қызды ұрлайды. Қазіргі уақытта да алып қашу бар. Сериалда шынайы өмірдің бір сәті көрсетілген", – дейді ол.

Алайда белсенділер билікке үндеу жолдап, сериалды қайтадан көрсетуге тыйым салатындай етпек.

XS
SM
MD
LG