Ссылки доступа

Тәжікстан билігі қара жұмысшылар нарығын заңдастырмақ


Тәжікстанның еңбек, миграция және әлеуметтік қамту министрлігі ішкі мигранттарға жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қара жұмысшылар нарығын заңдастырмақ. Бұл олардың кейін ресми зейнетақы алуына мүмкіндік береді.

Еңбек министрінің орынбасары Эмин Сангинзода жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы ауызша келісім олардың әлеуметтік және заңдық құқықтарына кепіл бола алмайтынын айтты.

«Қара жұмысшылардың бірқатарында арнайы мамандық бар. Олардың табысы да нашар болмайды. Олар нарықта еркін жұмыс істеу үшін мүмкіндік жасағалы отырмыз», - деді Сангинзода.

Алайда еңбекпен қамту агенттігінің директор орынбасары Ниёз Курбоновтың сөздеріне қарағанда, қара жұмысшылардың өзі еңбектерінің заңдастырғанын қаламайды. Олардың күнделікті табысы 50-100 сомони (10 доллар шамасында).

«Біз оларға егер ресми түрде жұмыспен қамтылатын болсаңдар, әлеуметтік кепілдіктер болатынын, болашақта зейнетақыны да ойлау керектігін айтып жатырмыз», - дейді Курбонов.

XS
SM
MD
LG