Ссылки доступа

Тәжікстанда өмірлік түрме жазасына кесілгендер жұмыс істей алады


Тәжікстанда болашақта өмірлік түрме жазасына кесілгендер жұмыс істей алады. Оларға арналған жеке колония салынады. Ол үшін билік жазаны өтеуге қатысты бірқатар заңды өзгертуі керек.

Бұл мәселе биыл қаңтар айының аяғында ел премьер-министрі Кохир Расулзода басқаратын жұмыс тобында талқыланған.

Мәселе шешілген жағдайда, өмірлік түрме жазасын алғандарға жұмыс беріледі. Әзірге олардың нақты қандай жұмыспен шұғылданатыны белгісіз.

Қазір бірқатар колонияларда жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылған. Олар сандық, тері бұйымдары, бесік жасайды. Өнімдер базарларда сатылады.

Тәжікстан 2004 жылы өлім жазасына мораторий енгізіп, оны өмірлік түрме жазасына алмастырды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, тәжік түрмелерінде өмірлік жазаға кесілген 80 адам отыр.

XS
SM
MD
LG