Ссылки доступа

ЕҚДБ Каспийдің түркімен қайраңындағы мұнайды барлауға несие бермейді


Нефтяная вышка на туркменском шельфе Каспийского моря (иллюстративное фото)

Еуропалық Қайта құру және Даму банкі (ЕҚДБ) Каспий теңізінің түркімен қайраңындағы мұнай кендерін өндіруге несие беруден бас тартты. Бұл туралы 7 ақпанда "Crude Accountability" адам құқығын қорғау ұйымы хабарлады.

"Crude Accountability ұйымы банктің бұл шешімін құптады. Ұйым Түркіменстанды жемқорлық жайлаған авторитарлық ел деп атаған.

Теңіз қайраңындағы мұнайды игеруге 21 миллион доллар несие бөлінуі керек болған. Ол бес жылға арналған.

"Crude Accountability" ұйымы несиенің бөлінуіне қарсы шықты.

"Мұнай ақшалары президент Гұрбангұлы Бердымұхамедов қалтасында қалады. Түркіменстан газ қоры бойынша әлемде төртінші орында тұр, бірақ елдің көп бөлігі газбен қамтылмаған. Мұндай несиелер түркімен халқына пайда әкелмейді. Олар жемқорлық пен адам құқықтарының бұзылуына көмектеседі", - деп мәлімдеді ұйым басшысы Зилберман.

Коммерциялық емес "Crude Accountability" ұйымы 2003 жылы құрылған.

XS
SM
MD
LG