Ссылки доступа

Қарағандыда көп балалы аналар жеңілдік сұрайды


Қазақстанның бірнеше аймағында жүздеген әйел жергілікті билікке барып, арыздарын айтып жатыр. Қарағандыда да жүзге жуық ана облыстық әкімдікке жиналып, билікке талап қойды. Олар облыстың әр аймағынан жиналған.

Жиналғандардың кейбірі балаларымен келген. Жергілікті билік оларды қаланың шетіндегі Достық үйі ғимаратында қабылдады. Сұрақты тек аналар ғана емес, әкелер де қойды.

- Егер балалар қаза таппаса, аналар проблемасы көтірелмес еді. Көп балалы аналар неге зейнет жасына ерте шығуы тиіс? Олардың ана деген мамандығы бар. Сұрақтар өте көп! Соған назар аударыңыздар, - деді көп балалы әке Михаил Захаров.

Әлеуметтік көмек берілер кезде, шәкіртақы мен мүгедектерге арналған көмек есептелмесін деген ұсыныс түсті. Олар сонымен бірге коммуналдық төлемақыға, көмір сатып алуға жеңілдік жасалып, жоғары оқу орындарына балаларын оқыту үшін, ақыны бөліп төлеуге мүмкіндік берілсін деп талап қойды.

Көп балалы ана мәртебесі балалары 18-ге толғаннан кейін, неге алынып тасталады деп наразы, олар бұл жасты 21-ге дейін көтеруді ұсынды. Сонымен бірге көп балалы аналарға қолжетімді баспана берілсін дейді.

Қарағанды облысында ресми мәлімет бойынша, 9 372 көп балалы ана бар.

XS
SM
MD
LG