Ссылки доступа

Қырғызстанда бейітті бұзған күдікті анықталды


Ыстық көл ауданы Ананьево ауылындағы православие бейітіндегі ескерткіштер мен крестерді бүлдірген күдікті анықталған. Ол жергілікті ауылдың тұрғыны, орыс ұлтының өкілі болып шыққан. Бұл жөнінде дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия өкілі Замирбек Турсунбеков мәлімдеді.

Оның сөзінше, ауылдастарымен тұрмыстық кикілжіңнен кейін, крестерді жұлып тастаған. Тергеу ісі жүріп жатыр.

11 қаңтарда бейітте 90-ға жуық крест пен ескерткіш бұзылған.

Ыстық көл ауданы әкімі Данир Иманалиев пен милиция басшысы Нұргазы Увалиев 12 қаңтарда халықпен кездесіп, кінәлілерді табуға уәде еткен.

13 қаңтарда қабір үстінде бұзылған крестер мен ескерткіштерді қайта жөндеген.

XS
SM
MD
LG