Ссылки доступа

Ихтиёр Абдуллаев Өзбекстан қауіпсіздік қызметі төрағалығынан кетті


Ихтиёр Абдуллаев
Ихтиёр Абдуллаев

Өзбекстанның бірқатар ақпарат құралдары 11 ақпанда Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің (МҚҚ) төрағасы Ихтиёр Абдуллаевтың қызметінен кеткенін хабарлады.

Онда Ихтиёр Абдуллаев денсаулығына байланысты отставкаға кетті делінген. Gazeta.uz интернет басылымының жазуынша, соңғы жылдары Абдуллаевқа бірнеше рет ота жасалған.

Ихтиёр Абдуллаев 2018 жылдың 31 қаңтарынан бері МҚҚ-ны басқарған. Ол 23 жыл бойы Ұлттық қауіпсіздік қызметін тапжылмай басқарып келген Рустам Иноятовтың орнын ауыстырған. 2015 жылдан бері Абдуллаев Өзбекстанның бас прокуроры, 2009 жылы президент кеңесшісі болған.

Азаттықтың өзбек қызметінің (Озодлик) ақпараты бойынша, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің жаңа басшысы Абдусалом Азизов ел президенті Шавкат Мирзияевтің сенімді достарының бірі. Олардың достығы Мирзияев Жызақ облысының төрағасы, ал Азизов сол өңірдің ІІБ басшысы болғаннан бері басталған. Мирзияев билікке келгеннен кейін, ол бірден ІІМ басшысы, сосын қорғаныс министрі, ал қазір Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі төрағасы болып тағайындалды.

XS
SM
MD
LG