Ссылки доступа

Ташкент орталығында 130 жылдық тарихы бар үйлер бұзылады


Ташкент орталығында "Полкушка" атымен танымал аудандағы үйлер сүріледі. Ондағы кейбір үйлер 1891 жылы салынған. Аудан тұрғындары сүруге қарсы шығып жатыр.

Халықтың айтуынша, "Muhandis-Konsulting" компаниясының өкілдері ескі үйдің орнына көпқабатты тұрғын үйлер салынады, тұрғындарға жаңа үйден пәтер беріледі деп уәде еткен.

Бірақ Gazeta.uz сайтының жазуынша, құрылыс компаниясының өкілдері 3 ақпанда тұрғындармен кездескен, бірақ олардан үйлерді сүруге рұқсат ала алмаған.

«Бұл үйлерді 2025 жылға дейін бұзу қарастырылған. Бұл аудан ескірген. Түнде мысықтар мен егеуқұйрықтар өте көп. Егер тұрғындар келіспесе, мұнымен мемлекеттің өзі айналысады. Қазір тұрғындарға әр шаршы метр үшін 250 доллар ұсынып отыр», деп сайт құрылыс компаниясы өкілінің сөзіне сілтеме жасайды.

Кезінде бұл үйлер патша армиясының сарбаздарына арнап, казарма ретінде салынған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде эвакуацияланған адамдарды орналастырған. «Полкушка» үйлерінің астында бомбадан паналайтын орындар бар.

Неміс маманы Йенс Йордан бұл үйлердің совет дәуірі кезінде архитектуралық ескерткіштер санатына енгізілгенін айтады.

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов былтыр 23 желтоқсанда Ташкенттегі барлық ескі үйлердің бәрі бұзылып, орнына көп қабатты жаңа үйлер салынатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG