Ссылки доступа

Дереккөз: Өзбекстан қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысына іс қозғалды


Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің 11 ақпанда жұмыстан кеткен төрағасы Ихтиёр Абдуллаевқа іс қозғалды. Бұл туралы үкіметтегі екі дереккөз хабарлады.

Өзбек шенеунігінің айтуынша, "Мемлекеттік қауіпсіздік қызметін бір жылдан астам уақыт басқарған Ихтиёр Абдуллаев қарамағандағы ондаған адамға қылмыстық іс қозғалған соң қызметінен алынды". Дереккөз мәліметіне қарағанда, Абдуллаев "экономикалық қылмыстар жасаған" деген күдікке іліккен.

Тағы бір дереккөздің мәліметі бойынша, Абдуллаевқа қатысты қылмыстық іс 8 ақпанда қозғалған. Оған "билікті немесе қызметін асыра пайдалану", "пара алу" және "пара беру" қылмыстары бойынша айып тағылған.

Биыл қаңтар айында Абдуллаевтың бұрынғы бірінші орынбасары Жахангир Эгамов ұсталған еді. Істі болғандар Абдуллаевқа қарсы куәлік еткен деп хабарлады дереккөз. Істі Өзбекстанның әскери прокуратурасы қозғаған.

XS
SM
MD
LG