Ссылки доступа

Түркіменстан үкіметі мақта мен астық көрсеткішін ұлғайтып көрсеткен


Президент Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедов на хлопковом поле (архивное фото)

2018 жылы Түркіменстан мақта мен астық жоспарын орындамаған, ресми мәлімдемеде өнім көрсеткіштері екі-үш есе ұлғайтып көрсетілген деп хабарлады "Хроника Туркменистана" басылымы.

Бұны дәлелдейтін есепті Ауыл және су шаруашылығы дайындаған.

Есепке сәйкес, 2018 жылы Түркіменстанда 450 мың тонна мақта жиналған. 17 желтоқсанда түркімен үкіметі 1 миллион 99 мың 236 тонна мақта жиналды деп есеп берді. Бұның алдында мемлекет басшылығы 1 миллион 50 мың тонна мақта жинауды жоспарлаған.

"Хроника Туркменистана" мәліметі бойынша, 2018 жылы мемлекет астық жоспарын 30 пайызға ғана орындаған. Жоспарда көрсетілген 1,6 миллион тонна астықтың 538 000 тоннасы ғана жиналған.

Түркіменстанда жер толығымен мемлекеттік меншігінде, оны жалға алған шаруалар мақта мен бидай ғана өсіре алады.

XS
SM
MD
LG