Ссылки доступа

Тәжікстан тұрғындарының электр қуаты үшін қарызы 1 миллиардтан асты


Тәжікстанда тұрғындардың электр қуатына қарызы бір миллиард сомониден асты. Бұл туралы "Барки точик" холдингінің есебінде айтылды.

Билік берешектің көбейіп кеткенін растағанына қарамастан, тұрғындар мен мен қарапшылар ресми мәліметке күмәнмен қарайды.

​49 жастағы Әлішер Аминов ай сайын жарын үшін 100 (шамамен 11 доллар) және одан көп сомони төлейді. Ол жарық ақысын кешіктірген жағдайда, оның үйін жарықты қиып тастағысы келетін бақылаушылар торуылдайды. Әминовтың айтуынша, махалла тұрғындарының барлығы жарықсыз қалудан қорқып, электр қуаты үшін ақы төлеп отыр.

"Барки точик" холдингінің мәліметі бойынша, тұрғындардың электр қуатына берешегі 956,8 млн сомони (шамамен 105 млн доллар) болған. Берешек тәуелсіздік жылдарында жиналып қалған.

"Барки точик" Тәжікстанның екі негізгі мемлекеттік монополиясының бірі. Холдингтің 2017 жылғы шығыны 3 млрд 406 млн сомони болған.

XS
SM
MD
LG