Ссылки доступа

Бішкек ЖЭЦ-індегі жемқорлыққа қатысты іс сотқа жетті


Қырғызстанның Бас прокуратурасы Бішкек ЖЭЦ-індегі жемқорлыққа қатысты қылмыстық істі тергеуін аяқтады.

Бас прокуратураның хабарлауынша, экс-премьерлер Сапар Исаков пен Жанторо Сатыбалдиевтің, шенеуніктер Осмонбек Артыкбаев, Айбек Калиев, Салайдин Авазов, Жолдошбек Назаров, Темирлан Бримкулов және Ольга Лаврованың қызметтерін асыра пайдаланғаны, жемқорлық жасағаны дәлелденген.

Бұрынғы қаржы министрі Ольга Лавроваға қатысты айып тағылғаны алғаш рет мәлім болды.

11 ақпанда іс материалдары Бішкек қаласы Свердлов аудандық сотына жолданды. Соттың басталу уақыты әзірге белгісіз.

Тергеу нұсқасы бойынша, ЖЭЦ-ті жетілдіруден мемлекет 111 млн доллар шығынға батқан.

XS
SM
MD
LG