Ссылки доступа

АҚШ Конгресі оңтүстік шекара қауіпсіздігі мәселесінде ортақ шешім тапты


Здание Конгресса США

АҚШ Конгресіндегі демократтар мен республикашылдар оңтүстік шекара қауіпсіздігі мәселесі бойынша алдын ала келісімге келді. Ол шатдаунның қайталануына жол бермеуі тиіс - 15 ақпанда келіссөздерге бөлінген уақыт аяқталады.

Республикашыл сенатор Ричард Шелбидің журналистерге хабарлауынша, конгрессмендер жабық кездесуде ортақ келісім тапты. Кездесу дүйсенбі күні түнге дейін созылған. Тараптар нақты қандай тоқтам жасағаны айтылмады. Бұл жағы әлі талқыланып жатыр.

Әзірге бұл келісімді АҚШ президенті Дональд Трамптың ұстанымы белгісіз, ол сейсенбі күні Техаста жақтастары алдында сөз сөйлейді.

Келіссөз жобасы АҚШ-Мексика шекарасында дуал тұрғызуға 1,375 миллиард доллар бөлуді қарастырады. Трамп дуал құрылысына 5,7 миллиард доллар сұраған. Тараптар апта соңына дейін ортақ шешімге келмесе, онда АҚШ үкіметі тағы да жұмысын жартылай тоқтатады.

25 қаңтарда Трамп үкімет жұмысын жалғастыру туралы жариялады. Өткен жылдың аяғында басталған "шатдаун" 35 күнге созылып, АҚШ тарихына енген еді.

XS
SM
MD
LG