57 жастағы Тұрғымбаев 2012 жылдан бері ішкі істер министрінің орынбасары болып істеген. Ол әр жылдары тергеуші, тергеу бөлімінің басшысы, Алматы тергеу басқармасының жетекшісі қызметін атқарған. 2006-2012 жылдар аралығында Алматы қалалық ішкі істер департаментін басқарған.
2011 жылғы сәуір айынан күні бүгінге дейін Қазақстан ішкі істер министрі болып істеген Қалмұханбет Қасымовты президент өзіне көмекші – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы етіп тағайындады.
Қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы Ғабит Байжанов президент жарлығымен Қазақстан сыртқы барлау қызметінің ("Сырбар") директоры болып тағайындалды.