Ссылки доступа

Өзбекстанда кәсіпқой бокс чемпиондары уәде етілген сыйақыны алмады


Былтыр қыркүйек айында Самарқанда өткен кәсіпқой бокс бойынша жеңімпаз атанған 15 адамның 14-і әлі күнге дейін уәде етілген ақшалай сыйақыларын алмаған.

Жарыстан кейін жеңімпаздарға - алтын медаль иегерлеріне 8 млн сум (1000 $), күміс медальға 4 млн сум (500 $), қола медаль үшін 2 млн сумның (250 $) сертификаттары салтанатты түрде табысталған.

Бірақ кейін Өзбекстанның кәсіби бокс федерациясы үкіметтік емес ұйым екенін айтып, есеп-шоттарында мүлдем ақша жоқ деп мәлімдеген. Федерация қызметкерлері қазан айынан бері жалақы алмаған.

2018 жылдың күзінде өткен жарыстан кейін жеңіске жеткен спортшыларға ақшаның орнына "жәй қағаз" берген. Жеңімпаздардың ішінде тек қарақалпақстандық Ренат Рагимов (зіл темірші + 90 кг) ғана мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне арызданғаннан кейін, 8 млн сум сыйақысын алған. Ал қалған 14 жеңімпаз күнде ертеңмен "күн көріп жүрміз" дейді.

Бокс федерациясының төрағасы - Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Очилбой Раматов. Мұнан бөлек Өзбекстанның бокс федерациясы Кәсіпқой бокстың халықаралық қауымдастығының мүшесі (АIBА ). Оның төрағасы - өзбекстандық Гафур Рахимов. Ол таяуда АҚШ санкциясының тізіміне іліккен.

XS
SM
MD
LG