Ссылки доступа

Шетелде оқитын түркімен студенттері банк карталарынан ақша ала алмай жүр


Шетелде оқитын түркімен студенттері Түркіменстан банктері берген карталардан ақша алуда қайтадан қиындыққа тап болып жатыр. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметіне Ресейде және Беларусьте оқитын студенттердің ата-аналары хабарлады.

Олардың айтуынша, бір ай болды балалары банк картасы арқылы ақша алмай жүр. "Жаңа жыл алдында ұлым картасынан 1000 рубль алған. Енді бір айдан асты, ақша ала алмай жүрмін дейді. Түркімен банкінің ережесіне сәйкес, шетелде картадан айына тек 150 доллар ала алады", - дейді ұлы Мәскеуде оқитын Ашхабад тұрғыны.

Дәл осындай жағдайға Беларусьте оқитын студенттер де тап болған. Ата-аналары "Western Union" халықаралық ақша аудару қызметі арқылы қаражат жіберуге тырысып жатыр.

"Онда кезек өте көп. "Western Union" бөлімшелері арқылы тек 100 доллар жібере аласың. Соның өзінде ұлыңның студент екенін дәлелдейтін көптеген анықтама құжаттар талап етеді", - дейді ата-ананың бірі.

Соңғы бір жылдан бері Түркіменстаннан шетелге ақша аудару және шетелде банк карталарынан ақша алу қиындық туғызып келеді.

XS
SM
MD
LG