Ссылки доступа

Самарқан облысы бұрынғы басшысының ісі сотта жабық қаралады


11 ақпанда Ташкент облыстық сотында Самарқан облысының бұрынғы басшысы Тураб Жураев пен оның жақтастарының ісі қаралды.

Сотталушылардың туыстарының айтуынша, бес айыпталушының екеуі сот залынан босатылған, қалған үшеуі әлі абақтыда отыр.

Сот қаңтар айында басталған, осы күнге дейін соттың алты отырысы өткен. Сот жабық өтіп жатыр, өйткені қылмыстық іс материалдарында мемлекет құпиясына жататын мәліметтер бар.

"Сотқа адвокаттар ғана қатыса алады. Олар болған сот отырысы туралы толық айтып бере алмайды. Мәлімет жоқтың қасы", - айыпталушылардың бірінің туысы.

Тураб Жураев пен оның төрт жақтасы өткен жылы жазда ұсталған. Бас прокуратура қарашада істі сотқа жолдады. Оларға мемлекет мүлкін талан-таражға салды, қызмет бабын асыра пайдаланды, пара алды, қылмыстық жолмен келген мүлікті заңдастырды деген айыптар тағылған.

Іс материалдары бойынша, Самарқан облысы әкімшілігіндегі бес шенеунік 2017-2018 жылдары 2 млн доллардан астам пара алған.

XS
SM
MD
LG