Ссылки доступа

Түркіменстан жүзден астам жүк вагонын Тәжікстанға өткізбей отыр


Тәжікстанға қарай бара жатқан жүзден астам жүк вагоны Түркіменстан темір жолдарында тұрып қалды.

108 жүк вагоны Түркменбаши, Сарахс, Мары, Талимаржан, Амудария, Келиф станцияларында тұр. Вагондарға түрлі тауарлар тиелген. 29 вагонда кокв бар.

Күн өткен сайын темір жолдарда тұрып қалған жүк вагондарының саны көбейіп келеді. Түркіменстан оларды неге тоқтақтанын түсіндірмеген.

"Біз түркімен әріптестерімізге хабарласқанымызбен, олардан тұшымды жауап ала алмадық. Екі мемлекет арасында әріптестік туралы құжаттар қабылданған. Олар сақталуы керек", - деді Тәжікстан сыртқы істер министрі ​Сироджиддин Мухриддин.

Түркіменстан билігі биыл 4 ақпанда өз аумағы арқылы жүк тасымалдауға кезекті мәрте тыйым салған. Осындай тыйым бұған дейін де бірнеше мәрте қолданылған.

XS
SM
MD
LG