Ссылки доступа

Қырғызстанның оңтүстік облысында той шектеледі


Баткен облысының әкімшілігі салтанатты шараларды өткізу ерелерін дайындап жатыр. Мақсат - түрлі тойларға кететін шығынды қысқарту.

Әкімшіліктегілердің хабарлауынша, осындай ұсынысты Ак-Турпак ауылының тұрғындары түсірген. Өткен жылы осы ауыл тойды шектеген. Соның нәтижесін көрген халық бастаманы ауданға таратуды жөн көрген. Бірақ облыс басшылығы оны бүкіл аймаққа енгізуді қалаған. Той өткізу ережесі дайын болған соң, оны қоғамдық талқылауға шығарады.

Ресми емес мәліметтер бойынша, Баткен облысында жыл сайын алты мыңнан астам салтанатты шаралар өтеді. Жергілікті экономистер тойға аймақ халқы жылына 4 млрд сом (шамамен 57 млн доллар) шашатынын анықтаған.

2018 жылы Қырғызстанның мәдениет министрлігі тойдың үздік сценарийіне байқау жариялаған. Сол арқылы үкімет тойға кететін шығынды қысқартуды көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG