Ссылки доступа

Өзбекстанның балалар үйлерінде бейнебақылау камералары орнатылады


Биыл 1 маусымнан бастап бейнебақылау камералары балалар үйлерінде, балалар қалашықтарында, балалар алаңқайларында орнатылады.

Өзбекстан президенті 11 ақпанда жетім балаларды әлеуметтік қорғауды күшейтуді қарастыратын қаулы қабылдады. Онда бабалар үйлеріне бейнебақылау камераларын орнату туралы тапсырма берілген.

Бұған дейін ақпарат құралдары балалар үйлеріндегілерге зорлық көрсеткені туралы көптеген материалдар жарияланды.

Президент қаулысына сәйкес, наурыз айынан бастап мемлекеттік мекемелердегі тәрбиешілердің айлығы көтеріледі.

Бұған қоса балаларды қамқорлығына алған отбасыларға берілетін мемлекеттік көмек 820 000 сумға (шамамен 100 доллар) көбейеді.

XS
SM
MD
LG