Ұлттық статистика комитетінің мәліметі бойынша, Қырғызстанның Өзбекстанға экспорты 158,5 млн доллар, импорт 178 млн доллар болған. Айырмасы 19,5 млн долларды құраған.
Өзбекстан елшісі Комил Рашидовтың сөздеріне қарағанда, жоғарыдағы көрсеткіш бойынша экспорт 132,8 млн доллар, импорт – 348,2 млн доллар, ал айырмасы 215,4 млн долларды құраған.
Осының алдында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қырғызстанмен сауда айналымын 500 млн долларға дейін жеткізуді көздейтінін айтқан.