Ссылки доступа

Горбачев АҚШ-ты "абсолютті әскери үстемдік алғысы келеді" деп айыптады


Михаил Горбачев
Михаил Горбачев

АҚШ пен Ресейдің орта және шағын қашықтықтағы зымырандарды жою жөніндегі келісімнен шығуы әлемді тұрақсыздандырып, қару шығару жарысқа ұласып, нәтижесінде әлемдік саясатта адам айтқысыз хаос орын алуы мүмкін.

Осылай деп СССР-дың бұрынғы президенті Михаил Горбачев "Ведомости" газетіне жазған мақаласында айтқан.

Горбачев 1987 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті Рональд Рейганмен зымыранды жою келісіміне келген. Енді оның пікірінше, Құрама Штаттардың "әлемге әмірін жүргізу" құштарлығы Жер бетіне қауіп төніп тұр.

Горбачев Вашингтонның Ресейдің шартты бұзғаны үшін келісімнен шығып жатыр дегенге күмән келтіреді. "АҚШ-тың келісімнен шығу жөніндегі шешіміне Ресей себеп болып тұрған жоқ. АҚШ кез келген шектеуден босап, абсолютті әскери басымдыққа ие болғысы келеді", - деп жазады СССР-дың экс-президенті.

2019 жылдың 1 ақпанында АҚШ президенті Дональд Трамп зымыранға қатысты келісімнен шығу процесін бастағанын жария еткен. Ол мұны Ресейдің келісім шартын бұзғанымен түсіндірген. Ресей болса теріске шығарып келеді.

2 ақпанда Мәскеу де зымыран келісіміне қатысуды тоқтатқан. Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрі мен сыртқы істер министрлігінен қарусыздандыру жөнінде жаңа келісімдерді әзірлеуді талап етті.

XS
SM
MD
LG