Ссылки доступа

Дереккөз: Өзбекстан арнайы қызметінің бұрынғы басшысы абақтыда отыр


11 ақпанда Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бұрынғы төрағасы Ихтиёр Абдуллаевты бір ай қамауда ұстау туралы шешім шығарылған.

Қазір ол арнайы қызметтің тергеу абақтысында тергеліп жатыр деп хабарлады осы мекеменің қызметкерлері.

Абдуллаев биыл 8 ақпанда қызметінен алынғаны туралы хабар тараған еді. Жергілікті басылымдар өткен жылы оған екі хирургиялық күрделі ота жасалғаны туралы да хабарлаған.

11 ақпанда дереккөз Абдуллаевқа қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. МҚҚ офицерінің айтуынша, Абдуллаевқа қарсы оның бұрынғы әріптестері куәлік еткен. Ол қызмет бабын асыра пайдаланды, пара алды және пара берді деген айыптаулар бойынша күдікке ілінген.

Үкіметтегі дереккөз мәліметіне қарағанда, биыл ақпан айында Өзбекстанда арнайы қызметтің жүзге жуық қызметкеріне қарсы іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG