Ссылки доступа

Бішкек ЖЭЦ-іне қатысты істегі күдіктілерден заңсыз ақша табылмаған


Бішкек ЖЭЦ-іне қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталушылардан пара жасағанын айғақтайтын заңсыз ақша немесе мүлік табылмады. Бұл туралы 14 ақпанда парламенттегі тыңдауда айтылды.

Депутаттар Бас прокурор Откурбек Жамшитовтен күдіктілердің заңсыз әрекетін дәлелдейтін ақша немесе мүліктері туралы сауал қойған.

"Біз ақша ізін табу үшін күш салып жатырмыз. Олар табылған жағдайда, айыпталушыларға қатысты жаңа қылмыстық істер қозғалады", - деді Жамшитов.

Қырғызстанның бұрынғы қаржы министрі Ольга Лавроваға да осы іс бойынша айып тағылған. Оның мүлкіне арест қойылды. Қазір Лаврова "Газпром Қырғызстан" компаниясы бас директоры орынбасары қызметін атқарады.

Бішкектегі ЖЭЦ өткен жылы қыста істен шығып, мыңдаған тұрғын жылусыз қалды. Үш қылмыстық іс қозғалды. Сот процесі 19 ақпанда Бішкектің Свердлов аудандық сотында қаралады.

XS
SM
MD
LG