Ссылки доступа

Тәжік кеденшілері баптистердің 5 мың күнтізбесіз жойды


Здание таможенного комитета в Душанбе

Тәжікстан кеден қызметі христиан қоғамдық ұйымдарының бірінің тапсырысымен Тәжікстанға әкелінген 5 мың күнтізбе тәркілегенін растады.

Күнтізбелер өткен жылы 18 желтоқсанда Душанбе әуежайында алынған.

Сәрсенбі, 13 ақпанда "Евангелия христиан баптистерінің шіркеуі" ұйымының өкілдері тәжік билігі ұйым күнтізбелерін тәркілеп, олардың көзін жойғанын хабарлады.

Шіркеу өкілдерінің айтуынша, күнтізбелерде Евангелиядан өлең басылуы себепті тәркіленген. Күнтізбелердің барлығы өртеліп, шіркеу өкілдеріне 4 мың сомони (шамамен 420 доллар) айыппұл салынған. Шіркеу билік әрекетін заңсыз деп есептейді.

Бірақ тәжік кеден қызметінің басшысы Рахмонали Рахимзоданың айтуынша, күнтізбеде өзге діни ағымды насихаттайтын өлең болған.

"Тәжікстан мәдениет министрлігінің сараптамасынан соң өзге дінді насихаттаған күнтізбелер тәркіленді. Бұл діни ағымға еркін кіруге болады, бірақ елге діни әдебиеттерді министрліктің арнайы қорытындысыз әкелуге болмайды", - деді ол.

XS
SM
MD
LG