13 ақпанда өткен баспасөз конференциясында ол "тәжік әйелдері мемлекет басшысы Эмомали Рахмонның қоғамдағы әйелдердің мәртебесін арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс айтуы тиіс" деген.
Тәжікстанда кезекті президент сайлауы 2020 жылы күзде өтеді. Өткен жылы Ұлт лидері - Эмомали Рахмонның президент сайлауына екеуден артық қатысуына шектеу заңдардан алып тасталынды. Осылайша 2020 жылы президент сайлауына Эмомали Рахмон, онымен бірге ұлы Рустам Эмомали да қатыса алады. Ол кезде кіші Рахмон 33 жасқа толады. Сайлауға қатысатын үміткердің жасына қатысты заңға өзгертулер 2016 жылы қабылданған.
Эмомали Рахмон Тәжікстанды 1992 жылдан бері басқарып келеді. Ол төрт рет қатарынан президент сайлауына қатысты.
2013 жылы Тәжікстан тарихында алғаш рет әйел үміткер мемлекет басшысы қызметіне таласуға талпынды. Бірақ тыйым салынған Тәжікстан ислам өркендеу партиясы атынан ұсынылған Ойнихол Бобоназарова тіркелуге қажетті қол (210 мың) жинай алмады. Танымал адам құқығын қорғаушы сайлауға тағы түскісі келеді, бірақ оны ешқандай саяси партия ұсынбауы мүмкін екенін мойындайды.