Ссылки доступа

Миллиардер Блумберг президент Трамппен күреске 500 млн доллар бөледі


Майкл Блумберг

Нью-Йорк қаласының бұрынғы мэрі, Bloомberg компаниясының негізін қалаушы миллиардер Майкл Блумберг 2020 жылы Дональд Трампқа бәсекелес болатын саясаткердің науқанына кем дегенде 500 млн доллар бөлуге әзір.

Бұл туралы Politico басылымы Демократиялық партиядағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Трампқа Блумбергтің өзі қарсы тұруы да мүмкін. Әзірге ол президент сайлауына қатысу туралы шешім қабылдамаған, бірақ қазіргі президентті биліктен тайдыруға бар күшін салуға әзір. Оның сайлау науқанына бөлгісі келетін қаражаты Трамптың 2016 жылы сайлауда жұмсаған қаражатынан 175 миллионға көп.

“500 миллион — бұл Блумберг ақшасының шамамен 1 пайызы ғана. Ол соңғы рет Нью-Йорк қаласының мэрі болып сайланғанда, науқанға 100 миллион бөліншен. Ал Нью-Йорк - Америка халқының үш пайызы ғана. Сол себепті, жалпыұлттық науқанға 500 миллион көптік етпейді", - деді Блумбергтің көмекшісі Кевин Шики.

XS
SM
MD
LG